Қазақстанда коронавирустан өткен тәулікте 2 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде 5 шілдеде КВИ-ден 1267 адам жазылып шықты.

фото ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустан 2 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазір 33 029 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. 10 041 науқас стационарда, 22 988 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдайды.

Оның ішінде, 633 адамның жағдайы ауыр, 144 науқастың жағдайы өте ауыр, 76 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.