Алматы облысында карантин күшейтіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қаулыда букмекерлік кеңселерінің қызметіне тыйым салынған

фото ашық дереккөзден

Алматы облысында коронавирустың жылдам таралуына байланысты жаңа қаулы шықты. Қаулы 7 шілдеде бастап күшіне енеді деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдымановтың N13 қаулысы бүгін шықты.

«Ойын-сауық, бұқаралық мерекелік іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, корпоративтерді, отбасылық іс-шараларды (еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ауызашар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын» делінген.

Сонымен қатар, «қоғамдық көліктерде, таксилерде, әуежайларда, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекциялық өңдеуді жүргізу, қоғамдық көлік аялдамаларына күніне кемінде екі рет, қоғамдық көлікке әрбір рейс алдында жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді жүргізу мендеттелді»,- деп жазылған жаңадан шыққан қаулыда.