Аталған аурудан қайтыс болғандардың жалпы саны 1 мың адамнан асты
Қазақстанда коронавируспен қатар КВИ белгілері бар пневмония жұқтырғандар саны да артып барады. 2 шілдеде ел бойынша 70 адамнан аталған ауру анықталған.
Дәл осы күні бес адам пневмониядан қайтыс болды және 62 адам ауруынан емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 57 346, 1 004 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 536 жетті.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырып жатқандар саны күн сайын артып келеді. 3 шілдеде ел бойынша 3 мың адамнан ПЦР арқылы КВИ анықталған. Олардың 8 жүзге жуығы елорда тұрғындары.