Қазақстанның сегіз өңірі «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

«Жасыл» аймақта бес облыс бар

Vlast.kz

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, «қызыл» аймаққа енген өңірлердің қатары артты деп хабарлайды коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық комиссия.

3 шілдедегі жағдай бойынша, «қызыл» аймаққа енген өңірлер қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары бар.

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 765 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы анықталды.