Маңғыстау және Ақмола облыстары да «қызыл аймаққа» өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте бұл екі өңір «сары аймақта» орналасқан еді

Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2 шілдедегі жағдай бойынша:

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды, Маңғыстау облыстары;

«Сары аймақта»: Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары;

«Жасыл аймақта»: Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Айта кетейік, 1 шілде күні Маңғыстау және Ақмола облыстары «сары аймақта» тұрған еді.