Еліміздің 5 өңірі «сары» аймақта тұр
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;
«Сары» аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау, Павлодар облыстары;
«Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.
30 маусымдағы жағдай бойынша, Шымкент қаласы «сары» аймақта болған еді.