Коронавируспен ауырып жатқан 103 науқастың халі өте нашар

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде еліміз бойынша барлығы 25 мыңға жуық адам КВИ-дан емделіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

30 маусымдағы мәлімет бойынша, елімізде 24 822 адам коронавирус инфекциясынан (23 526 КВИ+ және 1 296 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 453 пациент стационарда, 17 369 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • - 493 адамның жағдайы ауыр,
  • - 103 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • - 67 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.