Қазақстанның 5 өңірі әлі де «қызыл» аймақта

Автор: Azattyq Rýhy

«Сары» аймақта Шымкент қаласы мен 5 облыс бар

Фото: Nur.kz

2021 жылғы 29 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары;

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары;

«Жасыл» аймақта: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары орналасқан.