Вакцинаның екінші компонентін алғандар саны 1,9 млн-нан асты
27 маусымдағы мәлімет бойынша вакцинаның I компонентін 3 165 155 адам, II компонентін 1 905 062 адам салдырды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматыда вакцинаның бірінші компонентін 433,7 мың адам, Түркістан облысында - 344,6 мың, Алматы облысында - 326,3 мың, Қарағанды облысында - 224,7 мың, Шығыс Қазақстан облысында - 239,6 мың, Нұр-Сұлтан - 210,58 мың адам алды.