Бір тәулікте 11 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның 10-ы коронавирус инфекциясынан қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Бір тәулікте COVID-19 және пневмониядан 11 қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде коронавирустан 10 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды.

28 маусымдағы мәлімет бойынша 24 001 адам коронавирус инфекциясынан (22 707 КВИ+ және 1 294 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 7 307 пациент стационарда, 16 694 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 474 адамның жағдайы ауыр,
  • 98 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 66 науқас адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.