Құжаттарды қабылдау 27 маусымда басталады
Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасылар арасында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталады, деп хабарлады елорданың тұрғын үй орталығы.
"Бағдарламаға "Көпбалалы отбасылар" санаты бойынша баспана кезегінде тұрған азаматтар ғана қатыса алады. Егер көпбалалы отбасы бола тұра, басқа санат бойынша кезекте тұрса, бағдарламаға қатыса алмайды", - делінген хабарламада.
Пәтерлердің жалпы саны: 285.
Барлығы екі бөлмелі, ауданы: 53,4-57,7 шаршы метр.
Орналасқан жері: Қордай көшесі, 79 ,79а және Абылай хана, 56 және 56а көшесі.
Құжаттарды қабылдау 27 маусым күні сағат 00:00-де басталып, 27 шілде сағат 23:59-ға дейін жалғасады.
"Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті барлық жылдардағы (2006-2021) кезекте тұрған азаматтар бере алады, алайда қатысуға өтініш берген кезекте тұрғандар арасынан алдымен кезекке ерте тұрғандар өтеді", - деп атап көрсетті мамандар.
Өтініш беру үшін:
Өтініштерді қарау нәтижесі zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында, сондай-ақ, тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.