Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаев 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп бекітуді ұсынды

көрнекі фото

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіту туралы ұсыныс айтты.

«Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр. Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын», - деді Президент құттықтауында.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлық иелері анықталды.