Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина алғандар саны 3 млн адамға жуықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Вакцинаның II компонентін 1,8 млн-нан астам адам алды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцина алғандар саны 3 млн адамға жуықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 25 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 2 997 072 адам вакцина салдырды, II компонентпен 1 829 643 адам.

Вакцина салдыру бойынша Алматы қаласы мен Түркістан және Алматы облыстары көш бастап тұр.