Хоккейден Қазақстан кубогі Алматыда өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Турнир аясындағы матчтарды «Алматы-Арена» қабылдайды

Алдағы Қазақстан кубогі оңтүстік астанада 2021 жылдың 17 және 25 тамызы аралығында өтеді. Турнир аясындағы матчтарды «Алматы-Арена» қабылдайды, деп хабарлайды Рrosportskz.

Барлық қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әрі қарай алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша жартылай финалдық күресті әрбір топтан екі командадан жалғастырады.

Осы жұптардың жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Кубогы үшін таласады.