«Қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Министрдің айтуынша, «қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы қалды. Қалған өңірлер «сары» және «жасыл» аймақта орналасқан.
«Соңғы аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 4% - ға өскені байқалады. Бұл Нұр-Сұлтанда тіркелген жағдайлар санының 40% - ға артуына байланысты», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.
Соңғы деректер бойынша, инфекциялық төсек - орындарды қамту 25% - ды, реанимациялық төсек-орындарды қамту 21% - ды құрайды.