Қылмысты ұйымдастырушылар шартты түрде 3 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады.
ЭТД қызметкерлері екі елорда тұрғынының 14 млн теңгеден астам қаржыға 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз тасымалдап, сату дерегінің жолын кесті. Сату олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз іске асырылды.
Қылмысты ұйымдастырушылар шартты түрде 3 жылға сотталды.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды ЖЖМ сатудың күмәнді орындарынан алудан бас тартуға шақырады. Заңсыз АЖҚС, соның ішінде заңсыз сатылған дизель отыны жоғары өрт қаупі бар объекті саналады және адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіреді.