Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл аймақта» тұр
2021 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оған сәйкес:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы
Ал «сары» аймақта: Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары орналасқан.