КВИ мен пневмониядан бір тәулік ішінде 13 науқас көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта 95 адам өте ауыр халде жатыр

Фотоколлаж

Қазақстанда КВИ мен пневмониядан бір тәулік ішінде 13 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

22 маусымдағы мәлімет бойынша 21 330 адам коронавирус инфекциясынан (20 147 КВИ+ және 1 183КВИ-) емделуде, олардың ішінде

- 6 310 пациент стационарда,

- 15 020 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 419 адамның жағдайы ауыр,

- 95 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 59 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр,

- 13 науқас қайтыс болды.