Өткен тәулікте елімізде 1148 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 19 маусымда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, бүгінгі таңда еліміздің бір ғана өңірі «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы тұр;
«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1148 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 407531 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 17 адам көз жұмды.