COVID-19 вирусын жұқтырған 442 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 18 маусымдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 15 адам қайтыс болды.
18 маусымдағы мәлімет бойынша, 20 899 адам коронавирус инфекциясынан (–19 711 + және 1188 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 403 пациент стационарда, 14 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатвр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 442 адамның жағдайы ауыр,
• 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 17 маусымдағы мәлімет бойынша 67 жаңа жағдай тіркелді, 39 адам жазылып шыққан, 2 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
- науқастар саны – 56479;
- өлім жағдайы – 969;
- барлығы 51842 адам сауығып шықты.