Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы әлі де «қызыл» аймақта қалып отыр

Автор: Azattyq Rýhy

«Сары» аймақта үш өңір орналасқан

Фото: ашық дереккөзден

16 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

  • «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы,
  • «Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары,
  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.