Коронавирус пен пневмониядан тағы 10 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері тек пневмониядан 962 адам қайтыс болды

Фотоколлаж

Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония мен КВИ-дан тағы 10 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«13 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 18 адам емделіп шықты» делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 56 216, 962 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 51 705-ке жетті.

15 маусымдағы мәлімет бойынша 21 204 адам коронавирус инфекциясынан (20 109 КВИ+ және 1 095 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

  • 6 655 пациент стационарда,
  • 14 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  458 адамның жағдайы ауыр,
  •  110 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  69 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр,
  •  10 науқас қайтыс болды.