Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, некенің маңыздылығын насихаттау
Елордада «Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымда аяқталады.
Конкурстың негізгі мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, некенің маңыздылығын насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылығын, кәмелетке толған балаларға және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсетуді насихаттау, қазақ отбасының оң имиджін нығайту.
Конкурсқа өздігімен өтініш беру арқылы қатысуға болады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар ұсынған отбасылар қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін өтінімдер PDF форматында мына электронды пошта арқылы қабылданады: mereiliotbasy2021@mail.kz. Қатысу шарттары туралы толық ақпаратты келесі телефон нөмір арқылы біле аласыз: +7 777 010 40 42, +7 7172 55 67 08.