Еліміздің бірқатар өңірінде 40 градусқа дейін күн ысиды

Автор: Azattyq Rýhy

Синоптиктер 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды 

Фото: ашық дереккөзден

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте 30-35 градусқа дейін, елдің орталығында, шығысы мен оңтүстік-шығысында 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.