Нұр-Сұлтан қаласы қашан «қызыл» аймақтан шығады?

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус матрицасы: 12 өңір «жасыл» аймақта 

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

14 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта бір ғана өңір тұр - Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

14 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 537 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 7 075 пациент стационарда, 14 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 512 адамның жағдайы ауыр,
  • 113 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.