Павлодар облысында қызыл бұғының тағы бір түрі пайда болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аймақта соңғы жылы сібір елігі санының артқаны байқалады

Павлодар облысында сібір және дала еліктерінен басқа қызыл бұғының тағы бір түрі пайда болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов айтты.

«Май ауданындағы алқапта орманшылар патрульдеу кезінде аналық марал мен баласын көрді, видеода тек төлі ғана түсіп қалған. Сібір және дала еліктерінен басқа енді жайылмада маралдар да пайда болды», - деді Аждар Жүсіпов.

Аймақта соңғы жылы сібір елігі санының артқаны байқалады.