Антикордың Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұрат Ахметов бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1 департаментінің басшысы болды

Мұрат Ахметов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов таныстырды.

Мұрат Ахметов С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.

1992-2005 жылдары Павлодар облысының прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2005-2007 жылдары ҚР Бас прокуратурасында департамент бастығы.

2007 жылдан 2014 жылға дейін Нұрсұлтан қаласының, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары прокуратурасында басшылық лауазымдар атқарды.

2014-2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басшысы болды.

Соңғы тағайындауға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 департаментінің басшысы болды.