Жоғары Сот кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тоқаевтың жарлығымен Жоғары Сот кеңесінің төрағасы ауысты

Мемлекет басшысының жарлығымен Талғат Советбекұлы Донақов ҚР Жоғары Сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылды. ҚР Жоғары Сот кеңесінің төрағасы болып Денис Алексеевич Шипп тағайындалды.

Денис Шипп 1968 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Одан бөлек, Самарадағы академик Королев атындағы мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген.

Әр жылдары Петропавл қалалық сотының судьясы, Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сотының төрағасы міндетін атқарған.

Бұған дейін ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болған, мамандандырылған сот алқасының мүшесі.