Коронавируспен ауырып жатқан 120 науқастың жағдайы өте ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқан 120 науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7 маусымдағы ақпарат бойынша, қазір ел өңірлерінде 24 600 адам коронавирус инфекциясынан (23 703 КВИ+ және 897 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 724 пациент стационарда, 15 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

  •  579 адамның жағдайы ауыр, 
  •  120 пациенттің жағдайы өте ауыр, 
  •  78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.