Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның 19-ы коронавирус инфекциясынан қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

5 маусымдағы жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 21 дерегі және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 17 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері барлығы: ауырды – 55 804, қайтыс болды – 933, жазылып шықты – 51 518 адам.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 5 маусымда Қазақстанда коронавирустан 19 адам көз жұмды.