Вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр
6 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 230 018 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда елімізде 2 230 018 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 1 179 504 адамға жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 319 639 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде тағы да Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 42 112 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.