Елбасының көмекшісі мен кеңесшісі тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Елбасы кеңсесі басшысының орынбасары мен бөлім меңгеруші тағайындалды

фото: Елбасы және Айдос Үкібай

Елбасын Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен:

Әділ Қапанұлы Тұрсынов ҚР Тұңғыш Президенті  – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев ҚР Тұңғыш Президенті  – Елбасы кеңсесі басшысының орынбасары;

Айдос Ыдырысұлы Үкібай ҚР Тұңғыш Президенті  – Елбасының кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Аталған тұлғалар бұрынғы атқарған қызметтерінен босатылды.