Коронавирус пневмониясынан тағы 7 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұдан бөлек пневмонияның 103 жаңа жағдайы тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

2 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 103 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 12 адам емделіп шықты. 

1 тамыздан бері ауырғандар саны – 55 580, 927 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 469-ға жетті.