Қазақстан құрамасының экс-футболшысы 29 жасында қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшының жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды

Станислав Лунин, фото: fckairat.com

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) 29 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының ресми сайтында жарияланды

Станислав Лунин карьерасын өскемендік «Восток» клубында бастаған. Кейін ол қарағандылық ​​«Шахтерде», алматылық «Қайратта» және павлодарлық «Ертіс» сапында ойнаған.

Футболшы Қазақстан чемпионы болған, ел кубогы мен Суперкубогын иеленген. Сондай-ақ, Қазақстан чемпионатының күміс және қола медальдарын жеңіп алған.

Станислав Лунин футболдағы карьерасын қарағандылық «Шахтер» сапында аяқтаған еді. Ашық дереккөздерде ұлттық құраманың экс-ойыншысының жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды.