Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда түсірілген видеоны Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалады. Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті.
Салтанатты концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ, симфониялық оркестр өнер көрсетті. Олардың арасында таяуда ғана президенттің қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алған Димаш Құдайберген де болды.
Димаш ән айтып жатқанда түсірілген видеоны Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады.