Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 27 қазақстандық көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған 679 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: bbc.com

Денсаулық сақтау министрлігі 30 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 21 адам қайтыс болды.

30 мамырдағы мәлімет бойынша, 28 254 адам коронавирус инфекциясынан (27 664 КВИ+ және 590 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 843 пациент стационарда, 17 411 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 679 адамның жағдайы ауыр,
• 150 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 103 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 28 мамырдағы мәлімет бойынша 105 жаңа жағдай тіркелді, 85 адам жазылып шыққан, 6 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 55225; 

өлім жағдайы – 908;

барлығы 51271 адам сауығып шықты.