Вакцинация аурулардың ауыр түрі мен өлімнен қорғайды – эпидемиолог

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігер вакцинацияның коронавирус инфекциясынан қорғаудың кепілі емес екенін атап өтті

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация біздің еліміз үшін де, бүкіл әлем үшін де денсаулық сақтаудың өзекті мәселесі саналады. Медициналық қоғамдастықтың міндеті – халыққа теріс және дұрыс емес ақпарат көп болған кезде вакцинациялау туралы шешім қабылдауға көмектесу. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ ҚДСҰО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы, дәрігер-эпидемиолог Лена Қасабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта вакцинаның ең болмағанда бірінші компонентін мүмкіндігінше көп адам алуы өте маңызды. Әлемдік нарықта вакциналардың тапшылығы бар, бірақ қазақстандықтар бірден үш вакцинаға - ресейлік, отандық және қытайлық вакциналарға қол жеткізе алады. Біз үшін адамдардың барынша егілуі өте маңызды. Жақсы иммунитетті дамыту үшін вакцинаның екінші компонентін алу керек. Спутник V екінші компоненті, Qazvac және HayatVax, бірінші компонентте алынған иммунитетті күшейтеді. Вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғаудың кепілі емес. Вакцина алған және олар толықтай қорғалған деп санайтын адамдарға айтқым келеді. Бұл дұрыс емес пікір. Егер адам вакцинацияланған болса да, ол 100% осы инфекциядан қорғалмайды, вакцинация аурудың ауыр түрлерінен, өлімнен қорғайды», - деді дәрігер-эпидемиолог Лена Қасабекова.

Сонымен қатар, тіпті вакцинацияланған адам да осы вирусты жұқтырып, тарата алады. Сондықтан сіз абай болуыңыз керек және қорғаныс құралдарын елемей жүруге болмайды.