Нұр-Сұлтанда мектеп қызметкерлеріне антитеррористік дайындық сабақтары өткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Онлайн сабаққа қаланың 105-тен астам білім беру нысаны қатыстырылды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл және жергілікті полиция қызметі басқармаларының қызметкерлері "Zoom" платформасында қаланың 105-тен астам білім беру нысанын қосу арқылы қалалық Білім басқармасының қызметкерлерімен терроризмге қарсы дайындық сабақтарын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Білім беру мекемелері террористік тұрғыдан осал нысандарға (бұдан әрі – ТТО) жатады. Қатысушыларға «Терроризм актісі қатері кезінде ТТО нысандарының лауазымды тұлғаларының, басшылары мен персоналының іс-қимылы бойынша» жадынамалар жіберілді. 

Іс-шара шеңберінде ТТО нысандарының терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Мәселен, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабына сәйкес, террористік тұрғыдан осал нысандардың, ТТО нысандары бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды қызметкерлері олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыруы міндетті:

  • 1) тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, нысандарды талаптарға сәйкес қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру;
  • 2) үлгілік паспорт негізінде ТТО нысанының терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу;
  • 3) ТТО нысандарының персоналымен олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ жекелеген жағдайларда кіруді басқаруды бақылау жүйесін, күзет дабылы жүйесін, сондай-ақ хабардар ету жүйесін орнату кіреді;
  • 4) терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен қатысу арқылы жүзеге асырылады.

Тиісті іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында талап етілетін қаржыландыруды көздеу қажет.

Осы бапта көзделген міндеттерді орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, дәріс барысында жастар арасында деструктивті идеялардың пайда болуының алдын алу, сондай-ақ діни сауаттылық деңгейін арттыру жолдары түсіндірілді. Қоғамда, ең алдымен жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейтуге, сондай-ақ халықтың бойында зайырлы мемлекеттің дәстүрлеріне, мәдениеті мен құндылықтарына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыруға ерекше назар аударылды.