Өңірлердің эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
2021 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Ол бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта қалып отыр. Яғни, мұнда коронавирус инфекциясының тарау қаупі әлі де жоғары.
«Сары» аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Ал, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында аурудың таралу қарқыны төмендегендіктен бұл өңірлер «жасыл» аймаққа енгізілді.