Жанна Мамажанова жеңіл атлетикадан Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның уақыт көрсеткіші – 2:29.01 секунд

фото: olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Жанна Мамажанова Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды. Ол Австриядағы жарыс марафонына қатысып, жеңімпаз атанды.

Оның уақыт көрсеткіші – 2:29.01 секунд. Екінші орында чехиялық Терезе Хрочова, үшінші сатыда швециялық Ханна Линдхольм.

Еске салайық, пандемияға байланысты 2020 жылдың тамызында өтуі тиіс Токио олимпиадасы кейінге қалдырылды. 2021 жылдың басында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах биыл Олимпиада ойындары жоспарланған уақытта өтетінін мәлімдеді.

Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ биыл дүбірлі додаға бейсбол, каратэ, серфинг, құзға өрмелеу және скейдбординг секілді жаңа спорт түрлері қосылды.

Ал, қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасында ел намысын спорттың 30 түрінен қорғауды жоспарлап отыр.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың айтуынша, қазақстандық спортшылардың Токио Олимпидасына (жазғы) қатысуына мемлекет тарапынан 15 млрд теңге бөлінеді.