Көкшетауда 2 адам иіс тиіп, ауруханаға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта 1934 жылғы кейуананың жағдайы ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Көкшетауда 85 жастағы кейуана мен 56 жастағы ер адам иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Көкшетау қаласы ТЖД қызметкерлерінің мәліметі бойынша, оқиға туралы қалалық аурухананың дәрігерлері хабарлаған. 

«Белгілі болғандай, 1963 ер адам әпкесімен бірге 1934 жылғы анасының үйіне қонаққа келген. Таңертең әпкесі пеш жаққан. Базардан оралған ол үйде, ағасы мен анасының ұйықтап жатқанын көріп, бірден жедел жәрдем шақырады. Қазіргі уақытта 1934 жылғы кейуананың жағдайы ауыр», - дейді ТЖД өкілдері.

 

Тегтер: