Төтенше жағдайлар министрі қанша отбасы өрт қауіпсіздігі сақталмайтын үйлерде тұрып жатқанын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл әлеуметтік түрғыда осал топқа жататын үйлерде өрт саны 18 есеге азайған

Көрнекі фото

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халық алдында есеп беру кездесуінде Қазақстанда қанша отбасы өрт қауіпсіздігі сақталмайтын үйлерде тұрып жатқанын мәлімдеді.

«8 129 отбасы өрт қауіпсіздігі дұрыс сақталмайтын, ақауы бар үйлерде тұрып жатыр. Бұл туралы әкімдіктерге хабарланған. Соның нәтижесінде биыл әлеуметтік түрғыда осал топқа жататын үйлерде өрт саны 18 есеге азайды», - деді министр.

Министдің дерегіне сенсек, 2019-2020 жылдары өрт қауіпсіздігі дұрыс сақталмайтын үйлерде 354 өрт болып, 38 адам қаза таптқан. Оның ішінде көпбалалы 4 отбасы да бар.