$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2021, 10:07
Жаңалықтар

Шымкентте өлім көрсеткіші 15 %-ға көбейген

Қайтыс болғандардың басым көпшілігі 65 жастан асқандар

Шымкентте өлім көрсеткіші 15 %-ға көбейген
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте биыл өлім көрсеткіші 15 пайызға көбейген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қаланың статистика мамандарының сөзінше, мұндай көрсеткіштің артуына қатерлі індет себеп болған. Сонымен қатар, мегаполиске көшіп келетіндер де жыл санап артып келеді. Мамандардың мәліметінше, шаһарға көбіне Өзбекстан Республикасы мен Түркістан облысынан қоныс аударатындар көп.

Осылайша, Шымкент Қазақстан бойынша туу көрсеткішімен ғана емес, коныс аударушылар қатарымен де алға шықты. Өкінішке орай, биыл қалада өлім деңгейі де көтерілген. Өткен жылмен салыстырғанда биыл қайтыс болғандар саны 15 пайызға артқан. Мұның себебін мамандар қатерлі індетпен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, жүрек ауруынан болатын өлім-жітім де артқан. Қайтыс болғандардың басым көпшілігі 65 жастан асқандар екен.

«Былтырғы жылмен салыстыратын болсақ, жыл басынан бері 1322 адам көз жұмды. Былтыр осы кезең аралығында 1141 адам қайтыс болған. Яғни, көрсеткіш көбейіп отыр. Біз туу көрсеткіші бойынша республикалық деңгейде үштікке кіреміз. Жыл басынан бері 7602 адам туған. Былтыр осы кезеңде 6740 адам туған, яғни көрсеткіш 12,7 пайызға өсіп отыр», - деді Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Меруерт Жаңабаева.

Жалпы Қазақстан бойынша ел азаматтығынан бас тартып, шет елге кетушілер қатары артып келеді. Әсіресе, солтүстік аумақтар мен орталықтан қоныс аударып жатқандар көп. Ал, Шымкент қаласы бойынша шет елге көшіп жатқан этнос өкілдерінің көшін орыс ұлтының өкілдері бастап тұр.

Серіктес жаңалықтары