Мемлекет басшысының Душанбеге сапарында 6 құжатқа қол қойылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапары аясында тәжік мемлекетінің негізін қалаған Исмоил Сомонидің «Ұлттық келісім және Тәжікстанның қайта өрлеуі» мемориалды кешенінде орналасқан ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Іс-шарадан кейін «Навруз» сарайында Қазақстан Президентінің құрметіне Тәжікстан Президентінің атынан ресми қабылдау өтті.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге барды. Бұл – Қазақстан Президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді. Сондай-ақ Мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері 6 құжатқа қол қойды.