Сиязбек Далиев Португалияда өтіп жатқан жарыста бірінші орынды иеленді
Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Сиязбек Далиев пара жүзуден Еуропа чемпионы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Португалияның Мадейра қаласында 16-22 мамыр аралығында өтіп жатқан байрақты бәсекеге 47 елден 380 спортшы қатысуда.
Сиязбек баттерфляй стилінде 50 м қашықтықты 35,78 секундта жүзіп өтіп, бірінші орын иегері атанды.
Екінші орынды Украина спортшысы Ярослав Семененко (35,96) иеленсе, ал үздік үштікті ресейлік Игорь Плотников (37,33) қорытындылады.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Ұлыбританияда өткен әлем кубогында спортшымыз дәл осы қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.