Коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан 756 адамның жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

18 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде 38 151 адам коронавирус инфекциясынан (37 694 КВИ+ және 457 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 13 768 пациент стационарда, 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  •  756 адамның жағдайы ауыр,
  •  192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.