Жел соғып, жаңбыр жауады: 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер сейсенбі, яғни 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен байланысты тұрақсыз  ауа райы болады, жаңбыр жауып, найзағай болады. Тек еліміздің оңтүстігінде және батысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста кей жерлерде шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, желдің күшейюі түнді кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейюі 15-20 м/с жетіп, Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл соғады.

Күндіз Батыс-Қазақстан, Қостанай облыстарында қатты ыстық болуы мүмкін.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.