Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 822 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 16 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 15 адам қайтыс болды.
16 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 625 адам коронавирус инфекциясынан (38 047 КВИ+ және 578 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 055 пациент стационарда, 24 570 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 822 адамның жағдайы ауыр,
• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 111 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, жылғы 14 мамырдағы мәлімет бойынша 118 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 85 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 54 132;
өлім жағдайлары – 854;
барлығы 52 700 адам сауығып шықты.