КВИ таралуы бойынша тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте республика бойынша 2505 адам коронавирус жұқтырған 

 
Фото: kp.ru

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 15 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймақта: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр;  

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары тұр;  

«Жасыл» аймақта: – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.  

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2505 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 355 645 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 23 адам көз жұмды