$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2021, 21:57
Жаңалықтар

Ауа райы: Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды

Еліміздің кей өңірінде 35 градусқа дейін күн ысып, шаңды дауыл болуы мүмкін

 
Ауа райы: Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер еліміздің бес өңірінде ауа райына қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.

15 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.  

15 мамырда Маңғыстау облысында күндіз 38-39 градус қатты ыстық болады.

15-16 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.  

15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары